top of page

Біздің желілік қоғамдастық туралы...

Мектептегі тәжірибені өзгертуде желілік қоғамдастықты ең алдымен бірлестік жетекшілері, сынып жетекшілер және ата-аналармен құруды топ мүшелерімен бірлесе жоспарладық. Ашық есік күнін өткізіп, оған әртүрлі ұйым өкілдері, тәуелсіз тұлғалар қатысып, «Мектеп тәжірибесін қалай өзгертуге болады?», «Мұғалімнің кәсіби деңгейінің көтерілуі қаншалықты құнды?», «Мектептің білім рейтингісін қалай көтеруге болады?», «Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты қалай өрбітуге болады?», «Желілік қауымдастықты қалай құру керек?» деген сұрақтар төңірегінде қызу талқылаулар жасалып, пікір алмастық.

Жаңа технология ғасырында кәсіби желілік қоғамдастықты құру маңызды роль атқарады. Бар біліммен ақпаратты қолдануда  желілік қоғамдастықтың маңызы ерекше. 2004 жылы Англияның көшбасшылығымен ұлттық колледжінде мектептің әзірлеген құжатында көрсетілгендей «Мектептегі желілік қоғамдастық» басқа мектептермен топтық серіктестігімен  бірлесіп оны кең көлемді жоспарлауды жүзеге асыру, оқыту мен оқу үдерісінде біртұтас  мектепаралық жетістік нәтижелері жоғарғы жетістік нәтижелеріне жету мақсаты қойылады. Осы көрсеткіш бойынша мектептердің сапалы нәтиже жетістігі үшін бірігеді, сондықтан да мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеріп, оның жақсы нәтижеге жету мақсатында мектепте «Желілік диалог» қоғамдастық ұйымдастырдық.

 

мектеп үшін: Жаңа бағдарламаны ендіру

Оқушылар үшін: ортақ тіл табысудың жаңа дағдыларын дамыту, жоғары нәтижелерге жету

Мұғалім үшін:кәсіби даму, бағдарламаның жаңа әдістерін қолдану

«Желілік диалогтың» мақсаты:

Қанағат

Еңбек

 

+ + + + + + + + + + 

 

Мектеп директоры, Қоғамдастық жетекшісі Жангазакова Қарлығаш Есімхановна

Рахым

Ойлап қой...

Терең ой

Талап

bottom of page